Аурухана

Аурухана туралы

Қазіргі уақытта ЖМЖА Семей қаласының, Семей өңірінің және жақын орналасқан аудандардың халқына – жалпы саны 674 334 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

ЖМЖА-да Семей қаласындағы жалғыз травматологиялық пункті орналасқан, мұнда жарақаттанғандарға шұғыл көмек тәулік бойы көрсетіледі. Тәулігіне травмпунктте орташа есеппен 70-90 адам қаралады.

Стационардың қабылдау-диагностикалық бөлімшесі арқылы жылына 24 000 – 27 000 науқас өтеді, оның ішінде 12 000 – 14 000 науқас ауруханаға жатқызылады, жылына 7800-8000 хирургиялық және травматологиялық ота жасалады.

Аурухананың аймағының көлемі 6 гектар, көгалдандырылып, абаттандырылған. ЖМЖА кешенінің жалпы құны 10 371 974 742 теңгені құрайды. Аурухананың жабдықталуына 4 486 802 750 теңге бөлінді, оның ішінде медициналық құралдарды алуға – 2 724 966 270 теңге бөлінді.

Сонымен қатар, ауруханада жаңа құралдармен жабдықталған физиотерапия бөлімшесі мен 2 емдік дене шынықтыру залы жұмыс істейді, бұл жерде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде инсульттан, жарақаттан, өкпе аурулары мен жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан кейінгі бастапқы қалпына келтіру кезеңінде белсенді оңалту жүргізіледі.
ЖМЖА-да көрсетілетін стационарлық көмектің көлемі жалпы Семей қаласының емдеу мекемелерінде көрсетілетін стационарлық көмектің 40% құрайды.

ЖМЖА бөлімшелерінің негізінде Диабет мектебі, Инсульт мектебі, Артериалдық Гипертония мектебі, Демікпе-орталығы құрылып, табысты жұмыс істеуде; бұл жерде емделушілерді заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес өз ауруларын басқара білуге үйретеді.
ЖМЖА-да Емделушілерге қолдау көрсету және ішкі аудит Қызметі жұмыс істейді, ол көрсетілген медициналық көмектің сапасына сараптама жүргізеді.

Жақын болашақтағы аурухана дамуының инновациялық бағыттары – қанайналымы жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға диагностика мен емдеу сапасын жақсарту үшін интервенциялық тәсілдер енгізуімен ангиографты құрастыру; артроскопия, тізе буынын эндопротездеу және т.б. енгізулермен политравма және ортохирургия бөлімдерін ұйымдастыру; Қазақстан және шет елдердің алдыңғы қатарлы медициналық орталықтарында тағылымдамалардан өту жолдарымен медициналық мамандардың даярлық сапасын көтеру; ЖМЖА дамуының басым бағыты ретінде – аурухана қызметкерлерінің еңбек ету жағдайын жақсарту және емделушілердің қауіпсіздік жүйесін жетілдіру.

© 2024. АО ДСБ "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК