Пациенттерге

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған ақпарат

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді ортаны қалыптастыру «Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК –да медициналық көмек көрсетудің ажырамас бөлігі болып табылады.

ЖМЖА-да барлық емделушілерге мүмкіндігінше бірдей жайлы жағдайлар жасау қарастырылған.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға ауруханаға еркін кіру мүмкіндігін тудыру үшін пандустар мен тұтқалар орнатылған. Халықтың қозғалысы шектеулі топтарын қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін ЖМЖА-да көлік жеделсатысы жұмыс істеп тұр.

Емделушілерді тасымалдау үшін шағын жиналмалы кресло-арбалар мен зембілдер қарастырылған. Ауруханада жатқан емделушілерді барлық кезеңдерде сүйемелдеп жүргізу ұйымдастырылған.

© 2024. АО ДСБ "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК